Қамқорлық акциясы
Қамқорлық акциясы
10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында жаппай оқу айлығы аясында «Қамқорлық» атты Республикалық акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты: аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға әлеуметтік көмек көрсету.
Акция барысында панасыз қалған, қараусыз қалған балаларды, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларын, сондай-ақ әлеуметтік себептермен мектепке бармайтын және материалдық көмек көрсетуге мұқтаж балаларды анықтау бойынша рейдтер жүргізілді. 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында белгілі жұмыстар атқарылды: мектеп бойынша "Қамқорлық" акциясын өткізу үшін іс-шаралар жоспары жасалды, мектеп директорымен бекітілген шағын аудандар бойынша аулаларды аралау жүргізілді, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тізімі нақтыланды, стенд ресімделді. Сонымен қатар, айына төрт рет мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі оқудан жалтарған балаларды анықтау мақсатында рейдтер жүргізді. Акция барысы туралы ақпараты бар 5 парақшалар шығарылып, жапсырылды. Мектеп педагогтары мен қызметкерлері аз қамтылған отбасынан шыққан мұқтаж балаларға көмек көрсетті. Бастауыш сынып мұғалімдері аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға 10 000 теңгеге кеңсе тауарларын сатып алды. Жеңілдікті санатқа жататын және мектепте оқитын оқушыларға қайырымдылық көмек 20 000 теңгені құрады. Жалпы білім беру қоры есебінен тегін тамақтанумен жеңілдігі бар 28 оқушы қамтылған (жетім балалар, көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалар).