Меню KDT

«Қош келдің, Наурыз!»


Мектепте Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, Наурыз!» атты мектепішілік наурыз тойы өтті. Наурыз -күн мен түннің теңелген, дала нұрға бөленген, малдың ауызы көкке, адамның ауызы аққа тиген ұлық мереке. Іс-шара барысында әр сыныптар ұлттық салт-дәстүрлерді көрсетті, атап айтсақ бесікке салу, аластау, ине жасыру, босаға майлау, келін түсіру,т.б. Оқушылар мерекеге арнап ән айтып, би билесе, ата-аналар дастарханға ұлттық тағамдар қойып, шашу шашып, наурыз көжеден келген қонақтарға ұсынды.

 

Теги:  мереке

Комментариев нет
Просмотров: 283
Автор: b054skobilim
Сайт: www.b054.sko-bilim.kz
Добавлено: 20.03.2019 в 21:31