«Амал мерекесі (Көрісу күні)» тәрбие сағаты
Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Осы мерекеге орай 14 наурыз Өрнек негізгі мектебінде "Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу" атты тақырыпқа іс-шара өткізілді. Іс-шараға қатысушылар көктемге аман есен жеттік деп, бұрынғы өкпе-реніштерін кешіріп, араздықты ұмытып, бір-біріне амандық-саулық тіледі.
14- наурыз жыл басы деп санаймыз, ал қалған елдімекендерде “Ұлыстың ұлы күні” 22-наурызда күн мен түн теңеліп, жаңа жылды тойлайды.
Көрісудің ережелері:
1. Екі қолдап
2. Төс тақасып
3. Бір жасыңмен немесе жаңа жылыңмен деген тілектер тілеу
4. Ең алдымен үй ішімен,отбасымен көрісу
5. Көршілермен,тума-туыспен көрісу
Көрісу айтында атқарылатын істер:
1. Бір күн бұрын үй ішін жинап,киім кишектерді жуып қою
2. Түрлі тәтті тағамдар дайындап қою
3. Сандықта тұрған жаңа заттар мен киімдерді сыртқа шығарып жаю “Жаңа заттар,жаңа киімдерде жаңа жылды көруі тиіс” деген ырыммен
4. Үй ішін безендіріп,дастархан жайып қонақ күтіп және үлкен кісілерге барып сәлемдесу