Жеңіс құтты болсын!
6 «А» сынып оқушысы Абдуахит Томирис 1-7сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» ХІҮ Республикалық конкурсының жүлдегері атанды. Жетекшісі: Нурекенова Алма Абдуахитовна, ҚР оқу-ағарту ісінің үздігі, жоғары санатты шебер-педагог. Ғылыми жоба «Мұқағали Мақатаев өлеңдеріндегі халықтық салт-дәстүр» тақырыбында қорғалды. Томирис нақты мысалдар арқылы Мұқағали поэзиясындағы ұлттық құндылықтарды саралап берді. Мақатаев поэзиясының рухани құндылыққа айналуының басты себептерінің бірі – ұлттық салт-дәстүрде екендігін ғылыми тұрғыдан дәйектей отырып, көркем әдеби тіліміздің жетілуіне қаншалықты үлес қосқаны зерделенді.
Томирис, барлық мектеп ұжымы атынан жеңісіңмен құттықтаймыз! Ғылым жолындағы талабыңа, қадамыңа нұр жаусын!!!


Комментариев нет
Просмотров: 159