Меню KDT

Мөлтек ауданның еңбек ардагерлері-аналарға, табысы төмен отбасы және көпбалалы отбасы аналарына арналған "Мейірім шуағы" атты мерекелік іс шара өтті

Бүгін мектебімізде мөлтек ауданның еңбек ардагерлері-аналарға, табысы төмен отбасы және көпбалалы отбасы аналарына арналған "Мейірім шуағы" атты мерекелік концерт болып өтті.


Бүгін 8 НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ  орай мөлтек ауданның еңбек ардагер-аналарына, табысы төмен отбасы және көпбалалы отбасы аналарына арналған "Мейірім шуағы" атты мерекелік концерт болып өтті.Әйел-ана, әйел-өмір, әйел-тіршілік өзегі десек, іс шарада "Ана" тақырыбындағы әсем әндер шырқалып, гүл шоқтары таратылып ерекше құрмет көрсетілді. 
    Елбасының 5 қазандағы Жолдауында "2019 жыл- Жастар жылы" деп жарияласа,  жастардың бүгіні мен  болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп таныған. Осы мақсатта мектебімізде жастардан құралған "Жас global"жастар ұйымы мен "Тұран" ардагерлер ұйымының мерекелік ән-шашулары іс-шараны одан дә мәнді ете түсті. "Жәннат-аналардың аяғының астында" дей отырып, аяулы аналар, қызғалдақ қыздарды төл мереклерімен құттықтаймыз!!!


Комментариев нет
Просмотров: 286
Автор: 74mektep
Сайт: www.74.astana-bilim.kz
Добавлено: 05.03.2019 в 09:37