Меню KDT

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні










Алғыс айту мерекесіне орай мектебімізде біршама іс-шаралар болып өтті. Мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада қысқы уақыт бойы мектеп ауласының қарын тазалауға қосқан үлесі үшін ата-аналарға алғыс хаттар табыс етілді.

ББЖҰ «Жас Ұлан» «Рахмет саған, менің Қазақстаным» атты суреттер сайысын өткізді, сонымен қатар алғаш келген 100 оқушыға чупа-чупс таратылды. Мектеп оқушылары «Шын жүректен сіздерге алғыс айтамыз!» атты алғыс айту тақтасына өздерінің жүрекжарды тілектерін жазды.


Комментариев нет
Просмотров: 631
Автор: 27mektep
Сайт: www.27.astana-bilim.kz
Добавлено: 04.03.2019 в 14:14