Меню KDT

«Қызылжар – адалдық алаңы»

2018 жылы 24 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстанда «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өз есігін айқара ашты


                                  
                                                                                    Өз үлесіңді қос!

          2018 жылы 24 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстанда «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өз есігін айқара ашты. Миссиясы - тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылады.
        Жоба үш саланы қамтиды: тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдай жасау; қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
       Аталған салалар бірқатар бағыттарды қарастырады. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдайлар жасау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады: білім беру; денсаулық сақтау; әлеуметтік қамсыздандыру; сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары; Мемлекеттік кіріс органдары; сот және құқық қорғау органдары; Бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі.
      Жобалық кеңсе – кешенді талдау негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға бағытталған мемлекеттік органдарды «Қайта жүктейді».
   Осыған байланысты, Солтүстік Қазақстан облысының бей-жай емес және жауапты азаматтарын мемлекеттік органдарды трансформациялауына қатысуға шақырамыз.
        Ұсынымдарды, проблемалық мәселелерді және кеңестерді sqoalaldyk@gmail.com поштаға жіберулеріңізді немесе 8 (7152) 46-06-81, 46-58-89 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

 


Комментариев нет
Просмотров: 901
Автор: b0310skobilim
Сайт: www.b0310.sko-bilim.kz
Добавлено: 11.02.2019 в 21:47