Меню KDT

«М.Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі» КММ мұғалімі Аюпова Балбота Азаматқызынан «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үндеуіне


«М.Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі» КММ мұғалімі Аюпова Балбота Азаматқызынан «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үндеуіне

Пікір

Ағымдағы жылдың  жиырма жетінші ақпанында «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі өтті. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 1999 жылғы 1 наурыз күнін тәуелсіз еліміздің жылнамасына «Нұр Отан» партиясының  негізі қаланған күн ретінде енгенін және  биыл 20 жылдық мерейтой екенін  атап өтті.

Съезд барысында Елбасы еліміздің  жиырма жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерін айшықтайтын нақты фактілерге тоқталып өтті. Мәселен,

  • Еліміздің экономикасының айтарлықтай өсуі.
  • Сыртқы сауда айналымы көлемінің 9  есе артуы.
  • Қазақстанға шетелден 320 миллиард долларға жуық тікелей инвестицияның тартылуы.
  • Азаматтарымыздың кірісі 16 есе көбейгендігі.
  • 141 миллион шаршы метрден астам тұрғын үйдің салынуы.
  • Бүкіл елімізде әлеуметтік маңызы зор жаңа инфрақұрылым нысандарының бой көтеруі.
  • 1 400 заманауи аурухана, емханалар мен амбулаториялар, 2 865 жаңа мектеп, колледждер мен балабақшалардың ашылуы т.б.

Мемлекет басшысы әлеуметтік саясатты одан әрі жүзеге асырудың негізгі бағыттарына ерекше  тоқталып, оны жүзеге асыру жолдарын нақтылай келе, мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға ықпал етуде партияның белсенді атсалысуы қажет екенін атап өтті.

 «Партия тұрғындардың күнделікті мәселелерін шешу ісіне белсенді атсалысуға тиіс. «Халыққа көмек» жобасы осы жұмыстарды күшейтуге бағытталған. Бүгінгі таңда қоғамның өзекті сұраныстарына жедел жауап беру және соларға мемлекеттік органдардың назарын аударту маңызды мәселе саналады» , - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

  Съезд барысында партияның «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы, Партияның саяси кеңесі мен Орталық бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы бекітіліп, партия жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, сондай-ақ  аталған ұжым мүшелері жұмыстарының қорытындылары бойынша есептері қабылданды.

Елбасының бұйрығы бойынша партия азаматтарды ерекше мазалайтын мәселелерге талдау жасалды. Олардың қатарында мына мәселелер талқыланды: балалардың жәрдемақысын көбейту, көпбалалы отбасылардың тұрмысын жақсарту және оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, белгілі бір сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі т.б.

Біз, жас мұғалімдер, партия съезінде білім беру мен денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің жұмысына ерекше мән беріліп, оларға лайықты жалақы мен қолжетімді баспана қарастыру мәселесі көтерілгеніне қуаныштымыз. Озық мемлекеттің болашағы – ойлы жастар. Оларды тәрбиелеуде түрлі дамыған елдердің тәжірибесін игеру, мықты мамандар әзірлеу, білімге жетелеу – қиынның қиыны. Ол үшін бізге өзіміз секілді еңбекқор жастарды тек қалада ғана емес, сонымен қатар «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша ауылға тартып, ел өмірін көркейту үшін жасалмақ жұмыстары да көңілге қонымды көрінді. Ел іргесін нығайтуда адам капиталы маңызды десек, көпбалалы отандастарымыздың жағдайын жақсарту мәселесі де назарға алынғаны риза қылды.

         Кез келген елдің мықты тірегі – халықтың  күшті қолдауын тапқан саяси партиялар. Біздің халықтың таңдауы «Нұр Отан» партиясына түскелі 20 жыл. Партиямыз сол жылдар ішінде ұлттық идеяны тұрақты ұстанып келеді. Сол себепті биылғы кезекті партия съезінде еліміздің алдағы он жылда әлемнің озық отыз еліне ену мақсаты аталып өтті. Ел әлеуеті мен өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында ұлттық қордан арнайы ақша бөлінбек.

Қорыта айтқанда, мемлекетіміздің барша азаматтарын мазалайтын маңызды сұрақтарды үкіметке тікелей жеткізе алатын ұлттық партия жұмысы өркендей берсін демекпіз. Алға қойған, жоспарланған бағдарламалар нәтижесі сапалы өмірге әкелер деген сенім мол! Ел өмірін өркендетуге барша құзырлы азаматтар тарпынан зор күш жұмсалса екен! Біз, жас мамандар, өз тарапымыздан атқарытуы керек жұмыстарды барынша жасауға тырысамыз!

 


Комментариев нет
Просмотров: 305
Автор: b1436skobilim
Сайт: www.b1436.sko-bilim.kz
Добавлено: 28.02.2019 в 16:32