Әдеби-музыкалық кеш
А.Ахматованың туғанына 130 жыл толуы орай ұйымдастырылған әдеби-музыкалық кеш



23 ақпан күні 27 мектеп-лицейінің акт залында А.Ахматованың туғанына 130 жыл толуы орай ұйымдастырылған әдеби-музыкалық кеш болып өтті. Іс-шараға 9-11 сынып оқушылар ат салысты. Анна Ахматова өз заманының үні болған, халқының тағдырын бөліскен адам. Кеште ақынның «Нежность», « О жизнь без завтрашнего Дня», « В летнем саду» сынды өлеңдері оқылды. Іс-шара қонағы болып Ресей Федерациясының өкілдері қатысты: Астана қаласындағы Ресеймен байланыс орталығының басшысы, РФ Қазақстан Республикасындағы кеңесшілері Воробьев Павел Константинович, Коропченко Алексей Анатольевич, Ресей орталығының мәдени бөлімінің басшысы Скальчук Ольга Анатольевна.
Қонақтар іс-шараны жоғары бағалап, сөз соңында Константин Павлович
Қазақстанның есімі Анна Ахматовамен тығыз байланысты екенін, еліміздегі таңдаулы оқу орындарының бірі ақынның ұлы Л.Н. Гумилевпен аталғандығын атап өтті. Қонақтар мектебімізге ескерткіш сыйлықтар табыс етіп, алдағы уақытта тығыз-қарым қатынас жасауға әрдайым дайын екендерін білдірді.