«Rýhanı jańǵyrý-Máńgіlіk El bolýdyń kepіlі» taqyrybynda kezdesý
2019 jyly 22 aqpan kúnі № 68 mektep-gınazııasynda «Rýhanı jańǵyrý» aıasynda «Rýhanı jańǵyrý-Máńgіlіk El bolýdyń kepіlі» taqyrybynda kezdesý bolyp óttі
2019 жылы 22 ақпан күні № 68 мектеп-гиназиясында «Рухани жаңғыру» аясында «Рухани жаңғыру-Мәңгілік Ел болудың кепілі» тақырыбында кездесу болып өтті. Кешімізге Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі,филология ғылымдарының кандидаты, доцент Лаура Ноғайбекқызы Дәренбекова және Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы , доктарант Аслан Есімханұлы Алимбаев шақырылды. Кешіміздің шымылдығын «Мәңгілік Ел» өлеңімен 11 «Ә» сынып оқушысы Сапиева Айғаным ашты. Сөз кезегі Лаура Ноғайбекқызы мен Аслан Есімханұлына берілді. Оқушыларға рухани жаңғыру өзімізден басталу керектігін айтып өтті. Ол үшін ең алдымен жат әдеттерден аулақ болып, ұлт намысын биік ұстап қастерлеуге, көп оқуға, спортпен шұғылдануға, Отанды сүюге адал болуды керектігіне тоқталып кетті.
Жүректері алып ұшқан арманшыл балалардың көкейлеріндегі рухани жаңғыру бағдарламасына байланысты сауалдары қойылып, көкіректерінде жүрген әрбір сауалға барынша орынды, жан-жақты толық жауап алды. Қонақтарымыз өте салмақты, сан қырлы сауалдар қойылғандығын айта келе, өз ризашылығын үздік сауал қойған 9 «Б» сынып оқушысы Өмірзақ Әсемге қолтаңбасы қойылған кітапты сыйға тарту етті. Балалардың арасында болашақ ұстаздар, инженерлер, ғалымдар, Тәуелсіз еліміздің болашақ жастары рухани жаңғыруға сүбелі үлестерін қосатынына сенім білдірді. Ұстаздарымыз мектеп оқушыларына өз ақыл-кеңесін айтып, ең алдымен сабақты жақсы оқу қажет екендігін қайталап айтты.