Меню KDT

Көктем аруы

Көктем аруы


Құрметті оқушылар, назар аударыңыздар!

 Сіздерге «Көктем аруы» сұлулық байқауы өткізілетінін хабарлаймыз!

 Байқаудың мақсаты: ұлттық құндылықтарды насихаттау, жастарды қазіргі эстетикалық және адамгершілік құндылыққа баулу, жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамыту және қыз балаларды тән сұлулығы мен жан сұлулығын үйлестіруге тәрбиелеу.

Сұраныстар 22 ақпаннан бастап 3 наурызға дейін қабылданады. «Көктем аруы – 2019» байқауында 8-11 сынып аралығындағы қыздар бағын сынай алады.  Сұраныстарды assel_bimykova @mail.ru  поштасына жібересіз. Сұраныста міндетті түрде қатысушының суреті болуы тиіс. Сұраныс критерийлері:

  • Т.А.Ә
  • Сыныбы
  • «Өзім жайлы»
  • Қабілеттерім
  • Неліктен мен «Көктем аруы-2019» болғым келеді?   (қысқаша жазбаша хабарлама)

«Көктем аруы» өзін басқаларға үлгі ретінде санап, биік бағанды ұстануы тиіс, дара тұлға болып, мәдениетті,білімді және дарынды болуы тиіс. Барлық қабілеттерді көрсету мүмкіндігі финалда, яғни, 5 наурыз күні сағат 12.00-де болады.  Финалға өткен қатысушылармен бірге олардың қолдау тобы келе алады.

 Финал 4 кезеңнен тұрады:

  • Таныстыру – 5 минут
  • Өнерін көрсету – 10 минут
  • Дефиле – таңдау еркі қатысушылардың өзінде (киім кию мәдениетін сақтау керек)
  • Қазақстан тарихы мен мәдениеті, Н.Ә.Назарбаевтың жолдаулары («Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың Жеті қыры», «Ұлы даланың Ұлы есімдері»), әдебиет пен географиядан интеллектуалды сұрақтар – әр финалистке 3 сұрақ қойылады, ойлануға 1 минут.
Барлығына сәттілік!


Комментариев нет
Просмотров: 596
Автор: 27mektep
Сайт: www.27.astana-bilim.kz
Добавлено: 23.02.2019 в 10:58