Меню KDT

Мәңгілік жыр-ғұмыр

Ақпан айының 16-жұлдызында Астана қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығының» ұйымдастыруымен ақиық ақын-Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай қалалық «Мәңгілік жыр-ғұмыр» атты байқау өткізілді.

Байқауға қатысушылар үш номинация бойынша бақтарын сынады:

1.«Өлеңнен өрілген ой» (ақын шығармашылығы негізінде эссе жазу);

2.«Жырлайды жүрек» (ақындар сайысы);

3.«Мәңгілік жыр-ғұмыр» (сахналық қойылым)

Аталған номинациялар бойынша мектебіміздің оқушылары жүйрік атанды. Атап айтар болсақ, Рақышев Рүстем және жетекшісі Схаг Шолпан «Жырлайды жүрек» номинациясы бойынша «Бас жүлде» иеленсе, «Мәңгілік жыр-ғұмыр» номинациясы бойынша мектеп құрамасы және жетекшілері Шакирова Р.З., Жексенбина А.Б., Нурышова Ф.С. І дәрежелі диплом иегері атанды. Алдағы уақытта да жеңістің тұғырынан ешқашан түспеңіздер деген тілек білдіреміз.

Комментариев нет
Просмотров: 284
Автор: 69mektep
Сайт: 69school-gymnaziya.kz
Добавлено: 18.02.2019 в 08:04