Меню KDT

Мектебімізде жүргізілген "Сен өз агрессияңды қалай жеңесің?" тақырыбындағы эссе жұмыстарының қорытындысы шықты

Барлығы 7-11 сыныптардан 604 оқушыдан эссе алынды. Сауалнаманың мақсаты: оқушылардың агрессия туралы түсініктерін анықтау барысындағы  агрессияны жеңе алудың  жолдарын көрсету.
    " Эссені жазбастан бұрын  оқушылар бейнероликті көріп, тыңдап өз бойларындағы ашу-ызаны қалай шығаруға болады?" деген сұрақтарға мәліметтер алды. Агрессияны қалай жеңетіндіктерін және жеңу әдіс-тәсілдерін көрсетті. Эссенің қорытындысы бойынша:
   55%- мұндай уақытта спортпен шұғылданатындықтарын, доп теуіп, таза ауада жүгіру арқылы агрессиялық күйін басады.
  20 % - музыка тыңдайтындарын, далаға шығып серуендеп, достарымен әңгімелесу арқылы жеңетіндерін жазған.
  25%- оқушылар тез сабырға келіп, терең дем алып немесе 1-10-ға дейін санап, неғұрлым тыныш сабырмен жеңетіндіктерін жазған.


Бейнеролик пен эссе талдауының нәтижелері бойынша, оқушылар алдағы уақытта : агрессияны басқарудың әртүрлі жолдарын қолданып, одан кейін роликте көрсетілген жаңа әдістерді пайдаланатынын, агрессия табиғи пайда болатын сезім мен теріс салдары бар екенін атап өтті. Оқушылардың қиын жағдайда ата-анасынан көмек сұрайтынын, сабырмен жеңетінін, ашу-ызаға бой алдырмау керектігін де жазып өткен. Әр сыныппен өмірде ашу, ұрыс-керіс жақсылыққа апармайтынын, бір -бірлерін құрметтеу қажеттілігі  айтылды, ұсыныс пен кеңестер берілді


Комментариев нет
Просмотров: 287
Автор: 74mektep
Сайт: www.74.astana-bilim.kz
Добавлено: 20.02.2019 в 18:14