Меню KDT

Мектебіміздің оқушысы республикалық ғылыми жоба конкурсынан жүлделі орынға ие болды

Мектебіміздің оқушысы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба конкурсында химия пәні бойынша ғылыми жобасын ағылшын тілінде қорғап, III дәрежелі Дипломға ие болды.


    Жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық ғылыми жоба конкурсынан Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп- гимназиясының 10 «Б» сынып оқушысы Тынымбай Жанарыс жүлделі орынға ие болып, республикалық конкурсқа жолдама алған болатын. Ағымдағы жылдың 14-15 ақпан күндері Алматы қаласында ұйымдастырылған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба конкурсында химия пәні бойынша ғылыми жобасын ағылшын тілінде қорғап, III дәрежелі Дипломға ие болған Тынымбай Жанарысты шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта бағындырар шыңдары көп болсын дейміз!!!


Комментариев нет
Просмотров: 438
Автор: 4mektep
Сайт: www.4.astana-bilim.kz
Добавлено: 16.02.2019 в 08:00