Меню KDT

Қорытынды аттестаттауға дайындық 


2019 жылғы 16 ақпанда 11-сынып оқушылар ата-аналары үшін жиналыс ұйымдастырылып, өткізілді. Директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Д.А.Алиева түлектердің ата-аналарын сынақ тестілеу қорытындысымен таныстырды. Алғашқы ҰБТ қаңтар айында Евразиялық Ұлттық университетінде өтті. Келесі тест наурыз айында өткізіледі. Қаңтар және наурыз айындағы ҰБТ өттуді белгілеу керек:

  • маусым айында өтетін негізгі ҰБТ тапсыруға және білім гранттерін алуға конкурстарға қатысуларына мүмкіншіліктен айырмайды;
  • бейінді пәндерді ауыстыруға мүмкіндік береді.
  • Мысалы:
  • қаңтарда: Дүниежүзілік тарих-география;
  • наурызда: математика –физика.
  • «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» мақалдағыдай негізгі (маусымдағы) ҰБТ дейін өз білімдерін қайта тексеруге болады;
  • бекітілген тестілеуді өткізу ережесі мен шарттарына бейімделуді қамтамасыз ету;
  • қолайлы сертификатпен ақылы жоғары оқу орындарға түсуге болады;

Екінші тестілеу мектепте мемлекеттік емтиханға дайындық аясында өткізіледі.11-сынып оқушылары практикада тестілеу сұрақ мазмұнымен жұмыс істеді, өздері әрі қарай қандай даярлық бағыттарымен жұмыс атқаратындарын анықтады.

11-сыныптарда жұмыс істейтін пән мұғалімдері оқушыларды сабақтарда және сабақтан тыс уақыттарда мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтулеріне қандай даярлық жұмыстарын өткізетіңдігін айтты.

 

 

 


Комментариев нет
Просмотров: 549
Автор: 16mektep
Сайт: www.16.astana-bilim.kz
Добавлено: 16.02.2019 в 17:09