Меню KDT

МИФ аптылғының ашылу салтанаты өтті


Ақпан айының 18-і күні мектебімізде МИФ аптылғының ашылу салтанаты өтті. Апталықтың ашылуы І аусымды қабылдау кезінен басталды. Яғни тан ертенен бастап информатика пән мұғалімдері оқушыларға логикалық, вектариналық сұрақтар қойып, олардың берген жауаптарына байланысты тәттілер таратты. Іс-шараның ашылуында барлық сыныптар өте белсенді атсалысты. Мектебіміздің МИФ кафедрасының аптылығына Астана қаласының басқада білім беру мекемелеріндегі әріптестерімізде бей жай емес екендіктерін білдіріп «Туран –Профи» колледжінің информатика пән мұғалімдерімен студенттері және 74 мектеп – гимназиясының миф кафедрасының мұғалімдері видео салемдеме жолдады. Іс шара барысында әр түрлі вектариналық сұрақтар қойылып, оқушылар өздерінің білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар мектебіміздің физика пән мұғалімі дайындаған видео сұрақ қойылды. №58 мектеп – гимназиясының миф кафедрасының мұғалімдері ұйымдастырған ашылу салтанатында қызықты ойындар ойнатылып, оқушыларға сыйлықтар ұсынылды. Апталықтың ашылуы мектебіміздің шахматтан, работатехникадан және ракета модельдеуден жеңімпаз атанған оқушыларды марапаттаумен аяқталды.











Комментариев нет
Просмотров: 378
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 18.02.2019 в 15:07