Инновация + мектеп + табыстылық
Астана қаласы Білім басқармасы, Астана қаласы білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен Елордағы №58 мектеп – гимназиясында оқу – әдістемелік отырысы аясында “Иновация + мектеп = табыстылық” тақырыбында республикалық семинар болып өтті. Семинарға республикамыздың түкпір – түкпірінен облыстық, аудандық және қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілері, білім мекемелерінің басшылары қатысты. Семинардың мақсаты: бүгінгі заманға сай халықаралық бағдарламаны іске асыру бойынша тәжірибе алмасу. Семинар барысында әр қабатта экскурсия бағыттары ұйымдастырылды. 1-ші қабат бастауыш блокта “Amazing орталығы, 3D қалам, виртуалды оқулық, pasco”, технология блогында қыш бұйымдар жасау. Қол өнер бойынша оқушылардың қолымен жасалған бұйымдар қойылды. Ал 2-ші қабатта робототехника, ракетомодельдеу “STEM” + ғылым және технология бағыттары бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар 3-ші қабатта “Жаңа жасыл технологиялары зертханасы” , машһүртану орталығы, ҚР-ның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрмет ордасының иегері , жазушы, Әкім Тарази мен жазушы драматург Роза Мухановнаның шеберлік шығармашылық орталығы ашылды. Мында шығармашылықпен айналысатын оқушылар жұмыс жасап шығармашылығын арттырады. 4-ші қабатта кітапханада “Atmosfera” шығармашылық орталығы өз жұмысын жалғастыруда. Семинар соңы мектеп оқушыларының әуелеген әндер мен мың бұралған биі, күмбірлеген күйіне ұласты. Семинардың жоғары деңгейде өткеніне қонақтар ризашылық білдіріп тарқасты.









