«Ауғанның отты жалыны» атты әндер байқауы өткізілді.
Ауған соғысының аяқталуына 30 жыл толуына орай айтулы күнді атап өту. Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу арқылы сол соғыс жайлы мағлұматтар алып, оқушылардың өрелік қабілеттерін кеңейту. Тарихи оқиға туралы мәлімет беру. Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
2019 жылғы 11 ақпанда Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай, 5-9 сыныптар арасында арасында «Ауғанның отты жалыны» атты әскери-патриоттық әндер байқауы өтті.
1979-89 жылдарда, яғни 10 жылға жуық созылған бұл соғыста көптеген отбасының шаңырағы шайқалды. Қайсыбір ана жалғыз боздағынан айырылды, кейбір әйел жесір, кейбір бала әкесіз, кейбір отбасы панасыз қалды. Енді ғана азамат атанып, әскер атанып әскер қатарына алынған қаншама жігіттеріміз ауған даласында жан тапсырды. Ал кейбір жауынгерлер із-түзсіз жоғалып кетсе, мүгедек болып қалғандары қаншама!