Меню KDT

Ата-аналар жиналысы

4 сынып ата-аналарымен «Бала – ата-ананың көз қуанышы, жүрегінің нұры, жанының бір жапырақ бөлшегі» атты жиналыс. 
Мақсаты: Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері – отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыра отырып, жалпы адамзаттық құндылықтардың мәнін ашу.


Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы екендігі айтылды.

Қазіргі таңда ата-ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын ешнәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала-шағаның қамымен жүрген ата-ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады, «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы-жаман әдеттерді бала отбасынан үйренеді. 


Комментариев нет
Просмотров: 346
Автор: b0515skobilim
Сайт: www.b0515.sko-bilim.kz
Добавлено: 12.02.2019 в 17:33