Меню KDT

Қайырымдылық шарасы


Қайырымдылық шарасы
10 ақпан қаламыздың «City mall» атты ойын-сауық алаңында монолатералды ретинобластома ауруына шалдыққан бүлдіршін Төлеген Әділет Асылханұлының еміне көмек ретінде қайырыдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылған еді. Бұл іс-шарадан мектебіміздің «Жас Дәурен» оқушылар комитеті де тыс қалған жоқ. Белсенді оқушыларымыз жәрмеңкеде еріктілер ретінде қатысып, өз мүмкіндіктеріне орай көмектесуге ат салысты. Мектебіміздің бетке ұстар жастары өздерінен кейінгілерге үлгі болсын деген мақсатпен атқарылған бұл іс-шара кейін де жалғасын табады деген үміттеміз.
Әділет есімді балақайға зор денсаулық тілей отыра, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар – барлықтарыңызды қамқорлық істерді көптеп жасауға шақырамыз!


Комментариев нет
Просмотров: 308
Автор: b1436skobilim
Сайт: www.b1436.sko-bilim.kz
Добавлено: 12.02.2019 в 16:13