Меню KDT

Қамқорлық- қайырымдылық акциясы

  Қамқорлық- көмек қажет етушілерге білдіретін сүйіспеншілік пен көмек. Қайырымдылық-ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Осыған орай, Кішкенекөл қазақ  мектеп-гимназиясында қайырымдылық қорын жасауға ұстаздар қауымы, оқушылар, ата-аналар жұмыла ат салысты.


   Қамқорлық- көмек қажет етушілерге білдіретін сүйіспеншілік пен көмек. Қайырымдылық-ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Осыған орай, Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясында қайырымдылық қорын жасауға ұстаздар қауымы, оқушылар, ата-аналар жұмыла ат салысты. 10 қантар -10 ақпан аралығында өтетін «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының жұмыс жоспары бекітілді. Соңдай-ақ педагогикалық кеңестерде  кеңінен талқыланып, тәрбие сағаттары,балалардың құқығын қорғау жөнінде рейдтік іс- шаралар ұйымдастыру жұмыстары одан әрі жалғасын тапты. «Қамқорлық» акциясын насихаттау барысында қабырға безендірілді.

       Қамқорлық акциясы айлығында аз қамтылған, көпбалалы, сондай-ақ басқа да санаттағы әлеуметтік себептерге байланысты материалдық көмекке мұқтаж, қорғалмаған балаларды анықтау мақсатында 18 үйге рейдтер жүргізілді.

      Мектебімізде  көмекті қажет ететін отбасыларға  қол ұшын тигізу мақсатында  мектеп ұжымы  киім-кешек, кеңсе тауарлары, азық-түлік ретінде  көмек көрсетті. Барлық көрсетілген көмек құны- 61000 тг. көлемінде болды.







Комментариев нет
Просмотров: 423
Автор: b123skobilim
Сайт: www.b123.sko-bilim.kz
Добавлено: 08.02.2019 в 20:51