Меню KDT

«Зерде» XІV республикалық зерттеулік жұмыстар мен шығармашылық жобалар конкурсы өтті

30 қаңтар мен 1 ақпан  айының аралығында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен   1-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» XІV республикалық  зерттеулік жұмыстар мен шығармашылық жобалар конкурсы   өтті.

Конкурс оқушылардың зияткерлік-шығармашылық қарымын және оқушылардың  танымдық қызығушылықтарын, мектеп жасынан бастап шығармашылық қабілеттерді дамытуға  бағытталған. Осы білім додасында біздің гимназия оқушылары жоғары дәрежеде нәтиже көрсетіп, жеңістің тұғырынан көріне білді. Олар 2 «А» сынып оқушылары Глотов Алдияр мен Қожахмет Маулен І орын, жетекшісі Абуева Р. Т. жоба тақырыптары «Қазақ, орыс және ағылшын әдебиетіндегі қиял-ғажайып ертегілердің арасындағы үндестігі» 3 «А» сынып оқушысы Иксатова Ақбота І орын, жетекшісі Сулейменова А. М. жоба тақырыбы «Мектеп сөмкесінің  оқушы денсаулығына әсері»  Гимназиямызбен қатар облыс намысын қорғап келеген оқушыларымызға шексіз алғысымызды білдіріп, зор денсаулық, білімде алда болып,  табыстан-табысқа жетіңдер, ал ұстаздарымызға   шәкірттеріңіз  әрдайым биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!

Теги:  «Зерде»

Комментариев нет
Просмотров: 548
Автор: b1428skobilim
Сайт: www.b1428.sko-bilim.kz
Добавлено: 05.02.2019 в 09:15