Меню KDT

«Қызмет бабын асыра пайдалану» тақырыбында диалог

Билігін асыра пайдалану, қызмет бабын асыра пайдалану — лауазымды адамның (соның ішінде, өкімет өкілінің) өзінің құқылары мен құзыретінің шегінен шығып кететін, азаматтардың не ұйымдардың, қоғамның не мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеліп соғатын іс-әрекеттерді қасақана жасауы.


 Бұл мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарға жатады. Билігін асыра пайдалану, әдетте, жоғары тұрған лауазымды адамның не өзге идараның лауазымды өкілінің құзыретіне кіретін, сондай-ақ, құқыққа сыйымды болып саналатын белгілі бір шарттары сақталмаған іс-әрекеттерді істеу (мысалы, жағдайды ескермей қару қолдану және т.б.) түрінде көрініс табады. Әр бап тармағы бойынша әр қилы жаза қолданылады. Билігін асыра пайдалану адамның денсаулығы мен өміріне зиян келтіру, мүлікті бүлдіру не жойып жіберу, т.б. ауыр салдарларға соқтырады.


Комментариев нет
Просмотров: 285
Автор: b0515skobilim
Сайт: www.b0515.sko-bilim.kz
Добавлено: 04.02.2019 в 09:23