«Сөз зергері» интеллектуалды сайыс өтті
Қаңтардың 22 жұлдызында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша онкүндіктің өтуіне байланысты А.Қ.Сұрағанова мен К.Ж.Агатаеваның 6 сыныптар арасында «Сөз зергері» интеллектуалды сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың тілге деген қызығушылығын ояту. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетін көтеру.Сөздерді орынды қолдана білудегі білімдерін байқап, дамыту.
Алдымен, қазылар алқасымен таныстырылды. Сайыс 6 кезеңнен тұрды.
1-кезең: Таныстыру
2-кезең: Бәйге
3-кезең: Зеректік
4-кезең: Шапшаңдық
5-кезең: Тапқыр болсаң, тауып көр
6-кезең: Шешендік
1-кезеңде топтар өздерін таныстырып, ұрандарын айтып кетті. Бұл кезеңде 5 ұпаймен бағаланды.
2-кезеңде 4 топқа 7 сұрақтан қойды. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан берілді.
3-кезеңде мақал-мәтел, жұмбақтар, тұрақты тіркестердің бір сөзі түсіріліп оқылды. Сол сөзді тауып, оны 3 тілге аударылу керек. 3 дұрыс жауапқа 30 ұпайдан берілді. Әр топқа 3 тапсырмадан берілді.
4-кезең «Шапшаңдық» деп аталды. Бұл бөлімде сайысқа қатысушыларға «Құрметтеулерінің» деген сөз берілді. Сол сөзден жеке сөздер құрастырып, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан берілді.
5-кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталды. Бұл кезеңде сөз тіркестерінің мағынасын ашып, әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан берді.
6-кезең «Шешендік» деп аталды. Бұл кезеңде әр топқа тақырыптар берілді. Топ басшысы осы тақырып бойынша ортаға шығып сөйледі.
Сайыстың соңында әділ-қазылар өздерінің шешімдерін айтып өтті. Оқушылар сайыс барысында белсене қатысып, өз ойларын еркін жеткізді. Оқушыларға сайыс ұнады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Ж.Байтенова
![]()
![]()
Комментариев нет
Просмотров: 549