Меню KDT

«Мен OFFLINE (ОФФЛАЙН)» Республикалық кең ауқымды балалар акциясы


       
        2019 жылғы 27 қаңтар күні Қазақ мектеп – гимназиясының оқушылары Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (ОФФЛАЙН)» Республикалық кең ауқымды балалар акциясына белсенді қатысты. Бастауыш сынып, яғни 2-4 сыныптар оқушылары арасында  «Интернетсіз бір күн» атты тақырыбында суреттер  байқауы өткізілді. Бұл байқауда оқушылар салған суреттерінде өздерінің интернетсіз 1 күнді қалай өткізетіндерін салып қана қоймай, онын мағынасын аша білді. Суреттерінде бос уақыттарында немен айналысатындарын көрсетіп, далада сырғанақ теуіп, үй шаруасында ата-аналарына көмектесетіндерін ашып көрсете білді. «Ғаламторсыз бір күн» тақырыбында 5-11 сынып оқушылары интернеттің пайдалы және жағымсыз жақтарын қарастыра отыра, өз ойларын ортаға салып эссе жазды.






Комментариев нет
Просмотров: 1788
Автор: b1429skobilim
Сайт: www.b1429.sko-bilim.kz
Добавлено: 27.01.2019 в 10:32