Меню KDT

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Бүгін 2019 жылдың 26 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 1,4,9 сынып ата-аналарына


Бүгін 2019 жылдың 26 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде 1,4,9 сынып ата-аналарына арналған ашық есік күні болып өтті. 1 сынып оқушыларының ата-аналары барлық пән мұғалімдерінен өз балаларының сабақ үлгерімі, тәрбиесі туралы толық мәліметтерді ала алды. 4,9 сынып ата-аналарына мектеп тренерлері Ж.Б.Есіл, А.М.Биманова, Ә.Б.Қасен, А.Т.Қайыржановалар жаңартылған білім беру мазмұны жайында коучингтер өткізді. Аталған жұмыс түрінде ата-аналарға "Жаңартылған білім беру мазмұны" толық түсіндіріліп, кері байланыс алынды. Ата-аналар тарапынан алдағы уақытта ашық есік күндері жиі өткізсе деген ұсыныстар айтылды.
 

 

 


Комментариев нет
Просмотров: 633
Автор: 40mektep
Сайт: www.40.astana-bilim.kz
Добавлено: 26.01.2019 в 11:53