Суицидтің алдын алу жолдары
«Суицидтің алдын алу жолдары» тақырыбында мұғалімдер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары өткізілді
Суицидтің алдын алу шаралары.
Бүкіл дүние жузі көтерген мәселе өз-өзіне қол жумсау әсіресе жас өспірімдер кәмелетке толмағандар арасында
Аталмыш мәселенің жасөспірімдер арасында кең етек жайғаны мәлім. Жасөспірімдік шақта кездесетін қиындықтарды көтере алмау,айналадағылармен тіл табыспау, психологияның толық қалыптаспағандығы, міне,осы және т.б себептерден өскелең ұрпақ арасында суицид мәселесі артып отыр.
Суицидтің алдын алу үшін ата-аналар,мұғалімдер,психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандар,бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыс атқару керек.Яғни ең алдымен алдын алу жұмыстары жасалу қажет: жасөспірімдер мен жастар арасында осы тақырыпта дәрістер,әңгімелесулер ,сұхбаттасула,кеңес беру,сұрақ-жауап сияқты жұмыстардың көбірек жүргізілгені дұрыс.Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады,сонымен қатар психикалық ауырулармен,көңіл күй бұзылыстарымен,әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді.