Меню KDT

"Аң стилінің өнері" атты оқу сағаты өткізілді

21 қаңтарда "Белгілі ақын Есләм Зікібаев атындағы Өрнек негізгі мектебі" А. Н. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы шеңберінде "Аң стилінің өнері" атты оқу сағаты өткізілді


Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды. Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі» өнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған. Олар жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған. Егемен Қазақстанның символдарының бірі – жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес. Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тәжірибесі болғанын көрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде, мыс пен қоладан балқымалар жасаудың және құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін жақсы меңгерген. Жалпы, «аң стилі» феномені әлемдік өнердегі биік белестердің бірі саналады.


Комментариев нет
Просмотров: 350
Автор: b0515skobilim
Сайт: www.b0515.sko-bilim.kz
Добавлено: 26.01.2019 в 17:07