21.01.2019ж «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы сайлауы
2019 жылдың 21-ші қаңтар №67 гимназияда «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасын сайлауы болып өтті.
«Жас Ұлан» ұйымының көшбасшылық қызметіне 9-10 сыныптары арасында үміткерлер 14-16 қаңтар күндері қабылданды.Сайлауға үміткер болып 10 «Ә» сынып Куптлеу Али, 10 «В» Қуатбеков Жұмахан, 10 «Б» Гарифулла Эльвира түсті. 17 қаңтар күні «Үміткер бұрышы» ілінді. 18 қаңтар күні үміткерлер 5-11 сынып оқушыларына және гимназия мұғалімдеріне өз бағдарламаларын таныстырды. Сонымен бірге, 21 қаңтар күні гимназия әкімшілігіне өз бағдарламаларын таныстырып, 21 қаңтар күні сағат 11.05-14.00 аралығында «Жас Ұлан» ұйымының сайлауы болып өтті. Сайлауда 5-11 сынып оқушылары мен гимназия әкімшілігі және мұғалімдері дауыс берді. Жоғарғы көрсеткіш пайыз 38,3% - 460 дауыспен 10 «Ә» сынып оқушысы Куптлеу Али көрсетті.

