Меню KDT

Көптілділік – заманауи білім берудің векторы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қазақстандық көпұлтты қоғам үшін көптілділікті дамытудың маңыздылығын бірнеше мәрте айтып өтті. Мемлекет басшысы атап өткендей, кем дегенде үш тілді білу жас ұрпақтың болашағы үшін  маңызды болып табылады


23 қаңтар 2019 жылы, "Тәуелсіздіктің ұрпақтары" атты жастар жылының ашылуына байланысты, Астана қаласы Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясында «Самғау» бағдарламасы аясында, Білім басқармасының өкілі, Астана қаласы Жаңа білім беруді дамыту орталығы мен Астана қаласы мектептерінің шет тілі мұғалімдерінің қатысуымен «Көптілділік-заманауи білім берудің векторы» тақырыбында халықаралық семинар өтті. Францияның Қазақстандағы елшісі Филипп Мартинэ мырзаны  семинардың қонағы әрі қатысушысы ретінде көру бізді қуантты. №17 мектеп-гимназияның мұғалімдері ағылшын және француз тілдерінде ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Семинардың басты мақсаты – Астана қаласы мектептерінде көптілді білім беру жоспарын жүзеге асыру барысында мектеп мұғалімдерімен тәжірибе алмасу. №17 мектеп-гимназия мұғалімдері шет тілі сабақтарын тиімді өткізу әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Семинар барысында гимназия оқушылары ағылшын және француз тілін жоғары деңгейде меңгеретіндерін көрсетті.


Комментариев нет
Просмотров: 340
Автор: 17mektep
Сайт: www.17.astana-bilim.kz
Добавлено: 23.01.2019 в 15:46