«Жас физик зертханасы»
«Жас физик зертханасы»
Қаңтардың он сегізі лицейіміздің қабырғасында өтіп жатқан «МИф» апталығының аясында Яценко П.В., Капаров М.Т. ұйымдастырған «Жас физик зертханасы» атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты - физикаға құштар, қызығушылығы бар оқушылардың 5-9 сыныптарға танымдық зертханалық жұмыстарды көрсетіп қана қоймай, пәнге деген сүйіспеншіліктерін, ғылымға талпынысын арттыру. Сараптамалық жұмыстар өте қызық өтті. «Жас Дәурен» оқушылар комитетінің белсенділері Мұратқазы Алима, Садвокасов Расул бастаған «Жас физик зертханасы» ойдағыдай өтті. Тәжірибе жасаған әр оқушының жоғарғы дәрежедегі дайындығы теорияны жетік білулерінен-ақ бірден көзге көрініп тұрды. Көрермендер ыстық ықыласпен қатысушы оқушыларды қолдап отырды. Оннан аса жас физик өз тәжірибесін көрсеткен болатын. Лицейіміздің мұғалімдері: Пархоменко Галина Викторовна, Анохина Алена Леонидовна, Билялова Малика Сакеновна және «Жас Дәурен» оқушылар комитетінің мүшесі Мержан Дамежан әділ-қазылық етті. Мектебіміздің «үздік жас физигін» сәрсенбінің сәтті күнінде, салтанатты линейкада білетін боламыз.