Меню KDT

Ата-аналар педуниверситеті

Сырбай Мәуленов атындағы #37 орта мектепте үш күн бойы  ата – аналарға  арналған "Ата-аналар педуниверситеті" жұмыс жасады. 17 қаңтар -  1-4 бастауыш қазақ сыныптарының ата-аналарына, 18 қаңтар  - 1-4 бастауыш орыс сыныптарының ата-аналарына, 19 қаңтар  - 5-8 қазақ және орыс сыныптарының ата-аналарына.
Іс - шараның мақсаты:жаңартылған оқу мазмұнының аясында, бастауыш сынып пәндері бойынша критериалды бағалау жүйесінде ата - аналардың табысты болуына ықпал ету.
"Педуниверситетке" келген ата - аналар, балаларының оқу үлгерімімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Пән мұғалімдері ата-аналарды оқушылардың 2 тоқсандағы қортындысы бойынша (БЖБ, ТЖБ) бағалауларымен және жиынтық бағалаулардың талаптарымен таныстырды.
Ата - аналар педуниверситет жұмысына белсенділік таныта отырып, өздеріне қажетті мәлімет алған үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Өз кезегімізден біздің де қатысқан ата - аналарға алғысымыз шексіз.

Комментариев нет
Просмотров: 366
Автор: 37mektep
Сайт: www.37.astana-bilim.kz
Добавлено: 21.01.2019 в 22:56