Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы
Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. «Бірінші байлық - денсаулық» деген даналық сөз тіршіліктің нағыз өзегінен алынған. Әсіресе, жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу қоғамдағы маңызды мәселе екені анық.
№17 мектеп-гимназиясында 21.01.2019 күні сағат 12.00-де Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сапиевпен кездесу өтті. Кездесуге 120 оқушы қатысты, оның ішінде спортсмендер, мектеп өміріндегі белсенді оқушылар болды. Серік Жұмангалиевич оқушыларға салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану туралы әңгімеледі. Өзінің саяси қызметі, спорт мәселесі туралы айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Әңгіме барысында, денсаулық сақтаудың басты шарты –салауатты өмір салтын ұстану екендігін ерекше атап өтті.
Мектеп асханасында болып, балалардың тамақтануы сапалы екенін атап өтті. Осындай кездесулер оқушылардың салауатты өмір салтынның маңыздылығын, адамның қоғамдағы орнын табуына ықпал ететінін саналы түрде түсінуіне ықпал етеді.

