Меню KDT

«Тұлғаның шығармашылық, зерттеушілік қабілетін дамыту»

 «Тұлғаның шығармашылық, зерттеушілік қабілетін дамыту»
19 қаңтар күні Астана қаласы, Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде «Тұлғаның шығармашылық, зерттеушілік қабілетін дамыту» тақырыбында математика пәні мұғалімдерінің қалалық семинары болып өтті.
 


Семинардың мақсаты: Пәнді терең оқытудағы өзекті мәселелерді талқылау, шығармашылық, зерттеушілік қабілетті дамыту, өз ара тәжірибе алмасу, құнды  ақпараттар беру арқылы тәжірибедегі проблемалардың шешу жолдарын табуға  әдістемелік көмек беру.
Семинар барысында философия ғылымдарының докторы, халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Л. Н. Гумелев атындағы ЕҰУ профессоры- Әубәкір Әзенұлы Дәуренбек-«Геометрияның заманауи технологияларындағы  орны» тақырыбында, математика ғылымдарының магистрі, жоғары санатты математика пәні мұғалімі, «Үздік педагог-2018»  республикалық байқауының жеңімпазы- Тердікбай Күшай-«Оқушыларды шығармашылқ ізденіске баулу» тақырыбында, педагогика ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты мұғалім- Ажгалиев Орынбасар Ажгалиевич-«Геометриялық есептердің қиындатылған шешімдері-көз тартымды шешімдерді табудың бұлағы» тақырыбында, педагогика ғылымдарының кандидаты, Білім беру ісінің үздігі, педагог-шебер математика пәні мұғалімі- Дыбыспаев Болатжан Дыбыспайұлы-«Оқушыларды олимпиадаға, ғылыми жобаға дайындау тәжірибемнен» тақырыбында, математика ғылымдарының  магистрі, директордың  ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші, математика пәні мұғалімі- Есенбеков Самат Талғатұлы-«Математика мұғалімдерінің олимпиадасының өткізілу формалары» тақырыптарында баяндама жасады.
  Семинарға қала мектептері бойынша 43 мұғалім қатысып, семинар басында оқушылардың ғылыми жұмыстарын тамашалап, семинар соңында кері байланыс жасап, семинардан алған әсерлерімен бөлісті.

  

  


Комментариев нет
Просмотров: 362
Автор: 9mektep
Сайт: 9.astana-bilim.kz
Добавлено: 21.01.2019 в 13:39