Демалыс күндері Өрнек негізгі мектебінің спорт залында мектептер арасында волейболдан жарыс өтті.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Осы мақсатта Өрнек негізгі мектебінің спорт залында мектептер арасында волейболдан жарыс өтті. Тартысты бәсекеде командалар бар шеберлікте көрсетті. Шабуыл жасалып, қорғанысқа да шыққан мектеп қызметшілері өз командалары үшін аянып қалмады.
«Мектеп волейбол лигасы» мектеп аралық жарысы дәстүрлі түрде жылда өткізілетін шара. Ұйымдастырушылар осылайша, оқушыларды және мұғалімдерді дене тәрбиесі, спорт және салауатты өмір салтын насихаттауға тартуды көздейді.
Комментариев нет
Просмотров: 316