1-5 сынып оқушылар арасында Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын талдау.
Мақсаты: Оқушыларға Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының жаңа мақаласы бүгін туа қалған дүние емес. «Ұлы даланың жеті қыры» ұзақ жылдарғы тереңнен қозғалған ой толғанысының, толассыз ізденістің, қажырлы қайраткерлік еңбектің, көшбасшылық қасиеттің, қиян асуда қия баспай өркениеттің өскелең жолын таба білерлік даналықтың нәтижесі екенін түсіндіру.
Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді.
Комментариев нет
Просмотров: 291