Меню KDT

№4 мектеп-гимназиясында «Самғау» заманауи мектеп кластерінің аясында «Қолөнер мектебі» - кәсіптік білім беруді қалыптастырудың инновациялық негізі» атты қалалық семинары өткізілді.

№4 мектеп-гимназиясында «Самғау» заманауи мектеп кластерінің аясында ««Қолөнер мектебі» - кәсіптік білім беруді қалыптастырудың инновациялық негізі» атты қалалық семинары өткізілді. 


    Астана қаласы Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясында 2019 жылдың 18 қаңтарында «Самғау» заманауи мектеп кластерінің аясында «Серпін» қоғамдастығының ««Қолөнер мектебі» - кәсіптік білім беруді қалыптастырудың инновациялық негізі» атты қалалық семинары өткізілді.
    Семинар төрт бағыт бойынша жүргізілді. «Қолөнер мектебі – кәсіптік білім беруді қалыптастырудың инновациясы» бөлімінде әлемдік мәдени құндылықтармен үндес жаңа заманғы қазақтың озық мәдениетінің жаңа қырлары көрсетілді. Іс-шараның басты мақсаты заманауи мектеп жұмысы арқылы ұлттық құндылықтарды жүзеге асыру болатын. Семинарға қала мектептерінің мұғалімдері жиналды. Бұл іс-шарағы мектебіміздің барлық оқушылары қатысқан болатын. Семинарда әр оқушы өз өнерлерін басқа білім беретін мектептерге қөрсете білді. Осы оқушыларға алдағы уаққытта сәттілік тілейміз!

 
 
 


Комментариев нет
Просмотров: 481
Автор: 4mektep
Сайт: www.4.astana-bilim.kz
Добавлено: 19.01.2019 в 08:00