Меню KDT

Мектебімізде "Адал ұрпақ" клубының іс-шарасы өткізілді


Ерте жастан сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамау және қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында мектебімізде «Адал ұрпақ» клубы құрылып алғашқы жиын өтті. Қатысушылар қатарында қамқоршылық кеңес төрайымы Жұлдыз Мейрамовна болды.
Жемқорлық - мемлекеттің, қоғамының дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетке тұрақты өсу-өркендеу болмайды, - дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бимендин Болат Дусимбекұлы. Жиынның мақсаты өскелең ұрпақ бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың осы дертке қатысты құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру болып табылады.
Отырыс барысында «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі Абдрахман Арай 10 «Б» сынып оқушысы ұйым жұмысының мақсат-міндеттері түсіндіріп, жүйелі жоспар жасады. Бұл әрине, бүгінгі буынның келешегі кемел болуына жасалған нақты қадамның сәтті бастамасы. Әр оқушы, «Адал ұрпақ» клубының мүшелері өз ойларын айтып белсенді қатысып отырды. Іс – шараның сонында жемқорлыққа қарсы арналған бейнефильм көрсетілді.








Комментариев нет
Просмотров: 518
Автор: 58mektep
Сайт: www.58.astana-bilim.kz
Добавлено: 18.01.2019 в 23:00