Меню KDT

«Математикалық калейдоскоп»


«Математикалық калейдоскоп»

16 қаңтарда,  біздің мектеп-лицейімізде, МИФ онкүндігі аясында,  9А және 10А сыныптарының арасында «Математикалық калейдоскоп» атты интеллектуалдық ойыны өтті.  Іс-шараның мақсаты – оқушылардың  ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеуде сыныптан тыс жұмыстардың берері көп. Математикалық кештер оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады.
Екі сыныптың оқушылары белсенділік танытып, ойын барысында жақсы нәтиже көрсетті. Ойын барысында әртүрлі сұрақтар ұсынылды, оқушылар  логикалық есептерден ой таластырып, білімдерін байқатты. Интеллектуалдық ойынның қорынтындысы бойынша 9А сынып оқушылары жеңімпаздар атағына ие болды. «Sinus» атты 9А сыныбының оқушыларын І орындарымен құттықтаймыз!  


Комментариев нет
Просмотров: 248
Автор: b1436skobilim
Сайт: www.b1436.sko-bilim.kz
Добавлено: 16.01.2019 в 12:39