Денім сау болсын десең
"Денім сау болсын десең...." Исманова С. 7 сынып сағаты.
Мақсаты: Оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау. Өмірге, адамзатадамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін ояту, аурудың алдын алуды үйрету. Тәні де, жаны да таза, әрі сау болашақ ұрпақты тәрбиелеу.
Денсаулық - адам баласының ең құнды игілігінің бірі. Денсаулықты сақтау үшін ең бірінші кезекте ойың, ниетің таза болу керек. Адамның жан тазалығы денсаулығына әсер етеді. Адам табиғаттың өзіңе сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, гигеналық тәртіпті сақтап, денсаулыққа зиян келтірмей жүрсе, ұзақ та бақытты өмір сүре алады. Денсаулықты сақтау әр адамның өз қолында. Сабыр мен сенім, мейірімділік пен сүйіспеншілікадам денсаулығын жақсартуға ықпал етеді. Денсаулығың жақсы болса, көңіл күйде көтеріңкі болады. Деніңнің саулығы адамның өзіне және өзгеге адал болуынан, көңіл күйін басқара білуіне байланысты. Өзіне және өзгеге деген адал сезім, ақыл - ой салауаттылықтың негізі.