Меню KDT

Мектеп директоры ата – аналармен кездесіп, І жартыжылдық бойынша есеп берді

Астана қаласы Білім басқармасы
Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі
Мектеп директоры ата – аналармен кездесіп,

І жартыжылдық бойынша есеп берді


2019 жылдың 12 қаңтарында 7-11 сыныптар бойынша «Отбасы-тәрбие ұясы, мектеп-білім ұясы» атты бірыңғай ата-аналар жиналысы, мектеп директорының, мектепішілік Қамқоршылық кеңес төрайымының қатысуымен жартыжылдық есеп беруі өтті. 2018-2019 оқу жылының І жартыжылдықтағы жұмыстың есебін беруде қаралған мәселелер:

  1. І жартыжылдық бойынша оқу – тәрбие жұмысына талдау. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, жаппай білім беру қоры қаржысының игерілуі.
  2. Қамқоршылық кеңесінің І жартыжылдық бойынша ақпараты.

       Сонымен қатар жиналысқа келген ата-аналар мен қонақтарға, арнайы концерттік бағдарламалар және Білім жәрмеңкесі, сонымен қатар мектеп оқушыларының қолдан жасаған сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды. Ата-аналар жиналысына директордың оқу, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен мектеп ұстаздары толық қатысты. Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы және 8 бағыт көшбасшылары осы күні өздеріне әр-түрлі міндет алып, жиналыстың жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысты. Ата-аналардан кері байланыс жасалды.         
         «Таным» оқушылар кеңесінің ғылыми қоғамдастығының техникалық модельдер, роботтар көрмесі жұмыс жасады.


   

    


   


Комментариев нет
Просмотров: 382
Автор: 9mektep
Сайт: 9.astana-bilim.kz
Добавлено: 12.01.2019 в 15:10