Гимназияішілік ата-аналар жиналысы өтті
05.01. 2019 ж С. Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда гимназияішілік ата-аналар жиналысы өтті.
05.01. 2019 ж С. Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда гимназияішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: Ата-ана,мұғалім және гимназия арасындағы тығыз қарым-қатынас орнату. Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты арттыру.
Күн тәртібінде:
- «Ұлы даланың жеті қыры» Елбасының мақаласын талдау
- 2 тоқсанның қорытындысы
- 2 тоқсандағы оқушылардың жетістіктері (Оқу және тәрбие бағытындағы халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық сайыстарда жүлделі орындарға ие болған оқушылар)
- Әр түрлі мәселелер
Ата-аналар сынып жетекшілерімен әр түрлі формада (топтық, жұптық) «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасының мақаласын талдау жасап, өз ойларымен бөлісті.
Гимназия директоры Муканова К.А. әр сыныптың ата-аналарымен жеке әңгіме жүргізді, олардың пікірі мен ұсыныстарына, сұрақтарына жауап берді. гимназияның материалдық базасы, білім берудегі жаңалықтарға тоқталып, 2019 жылдың жоспарланған іс-шаралары туралы, алдағы жазда күтіп тұрған жөндеу жұмыстары жайлы ақпарат берді.
