Меню KDT

"ЛАБИРИНТ" БАҒДАРЛАУ ЖАРЫСЫ

Бүгін 2019 жылдың 5 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде оқушылардың қысқы демалысын 


Бүгін 2019 жылдың 5 қаңтар күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде оқушылардың қысқы демалысын қызықты өткізу мақсатында жасақталған жоспарға сәйкес "Жас эколог" үйірме оқушылары және 5-7 сынып оқушылары арасында "Лабиринт" зияткерлік бағдарлау жарысы өтті.
Аталған жарыс ережесіне сай оқушылар лабиринт арқылы жасырылған кп-ларды тауып берілген сұрақтарға жауап берді. Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында жүлделі ІІІ орын А.Қырықбаева, ІІ орын Ә. Сұлтан, І орынды Б. Советова иеленсе, ал ұлдар арасында жүлделі ІІІ орын Е. Рахымжан, ІІ орын А.Даужан, І орынды Е. Талғатбек иеленді.
Жарыс жеңімпаздарын лицей директоры Ж. Базыл және директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 
Ж. Найманбаева марапаттап оқушыларды жеңістерімен құттықтады.

 

 


Комментариев нет
Просмотров: 629
Автор: 40mektep
Сайт: www.40.astana-bilim.kz
Добавлено: 05.01.2019 в 13:33