Меню KDT

16 желтоқсан Тәуелсіздік күні

 «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» атты мерекелік іс-шара өткізілді


2018ж. 14.12. күні 1-ші және 2-ші ауысымда «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Атыңнан айналайын, Егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кеңеле бер!
Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер,- деп салтанатты сап түзеу жиынын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесінің 27 жылдығына арналды.





Мерекелік іс-шарамызды мектеп директоры Б. Жаркенов өзінің жылы лебізімен ашып, мұғалімдер мен оқушыларды мерекемен құттықтады.
Мектеп оқушылардың ұйымдастыруымен өзіміздің әншілер мен биші қыздарымыз өз өнерлерін көрсетті.





Салтанатты саптүзеуде 1 және 2-ші ауысым оқушыларын «Жас Қыран» және «ЖасҰлан» қатарына қабылдау рәсімі өтті. «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады.
Салтанатты саптүзеуден кейін мерекелік іс-шара «Отаным деп шырқаймын!» тақырыбында патриоттық әндер сайысы өтті.




Комментариев нет
Просмотров: 382
Автор: 15mektep
Сайт: www.15.astana-bilim.kz
Добавлено: 15.12.2018 в 12:10