Меню KDT

«Абыз-домбыра...»

          2018 жылдың 24 қараша күні Астана қаласы №1 өнер мектебінде «Абыз-домбыра...» атты қалалық күйшілер мен әнші-термешілер байқауы болып өтті.


2018 жылдың 24 қараша күні Астана қаласы №1 өнер мектебінде «Абыз-домбыра...» атты қалалық күйшілер мен әнші-термешілер байқауы болып өтті. Байқауға қатысушы үміткерлердің аспапта ойнау шеберлігі мен ән-күйлердің шығу тарихымен қаншалықты таныс екендігі ескеріліп бағаланды. Қазақ халқының бабадан қалып балаға жеткен ән-күй өнерін насихаттау мақсатында өткен додаға №61 орта мектептің 4 сынып оқушысы Аспанов Ислам мен 8 сынып оқушысы Тойшыбек Санжар қатысып, екеуі де жүлделі үшінші орынды иеленді. Өнерпаздарымыздың жетекшісі Шампетова Бақыт Шөкебайұлына алғысымызды білдіріп, шығармашылық табыс тілейміз!
                           


Комментариев нет
Просмотров: 627
Автор: 61mektep
Сайт: www.61.astana-bilim.kz
Добавлено: 24.11.2018 в 19:00