Меню KDT

Мектеп өз чемпионын құттықтады

Бүгін мектеп ұжымы мен оқушылары каратэден өткен әлем чемпионатында  "Әлем чемпионы" атағын алған 9 "Б" сынып оқушысы Аманжолов Диясты құттықтады


    Бүгін мектебімізде ерекше күн, себебі 9 "Б" сынып оқушысы Аманжолов Дияс каратэден өткен әлем чемпионатында "Әлем чемпионы" атағын қанжығасына байлады. Мектебімізден Диястай талантты ұлдардың шығып, әлемді аузына қаратуы- біз үшін зор мақтаныш. Таңертең мектеп оқушылары "Әлем чемпионынан" гүл құшақтары мен ыстық ықыластарын  аямады. Диястың жеткен жетістігімен ата-анасы, достары мен мұғалімдері ғана емес, Қазақстан мемлекеті де мақтанатыны сөзсіз. "Әлем чемпионының" жеңісіне арналған арнайы лездеме өткізілді ,  мектеп директоры Жеңіскүл Темірханқызы сыйға планшет сыйлады. Жеңіс тұғырынан көріне бер, Дияс!


Комментариев нет
Просмотров: 328
Автор: 74mektep
Сайт: www.74.astana-bilim.kz
Добавлено: 13.12.2018 в 13:22