«Үздік мәдениеттілік – ол спорт, шынығу мен денсаулық» атты спорттық іс-шара
Бүгін мектебімізде Тұнғыш Президент күніне арналған «Үздік мәдениеттілік – ол спорт, шынығу мен денсаулық» атты спорттық іс-шара өтті. Оқушылардың салауатты өмір сүру салтына деген ынталарын арттыру мақсатында өткізілген бұл іс-шараға 4-10 сынып оқушылары қатысты. Сайыс келесі спорт түрлері бойынша өтті: волейбол, баскетбол, футбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, суреттердің, плакаттардың, бүктемелердің, рефераттардың сайысы, «Салауатты өмір салты» семинар, эстафеталық спорттық жарыс, спорттық би, спорттық киіммен флешмоб. Аталған жарыста үздік сыныптар анықталып, арнайы жүлделермен марапатталды.
Комментариев нет
Просмотров: 517