Меню KDT

ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ...

ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ...

Бүгін, 1 қазан – Қарттар күні. Көңілдері дәрия, пейілдері көл-көсір қарттарымыз азаймасын деген ниетпен, Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбымен мерекелік концерт өткізілді. Мектеп аймағында жақын тұратын сегіз әжеміз қонақта болып, балалардың таза көңілінен шыққан өлең жолдарын тыңдады. Қарияларымызға арналған ән мен биден шашу шашылды. Әсіресе, 9 «Б» сынып оқушысының оқыған «Қарттарды сыйла» өлеңі жанды тебірентіп, жүрекке біраз із қалдырды, ортамызда отырған қарт-аналарымыздың да, жалпы көрерменнің де жанарына тамшы ұялатты. Ең бастысы, асыл қазынамыз – әжелеріміз бен аталарымызға құрмет көрсетер осы бір атаулы мереке мазмұнды да әсерлі, ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды да пайдалы өтті.

Қазыналы қарттарымызға деген мейірім мен шапағат ортаймасын дейік...

Комментариев нет
Просмотров: 400
Автор: 37mektep
Сайт: www.37.astana-bilim.kz
Добавлено: 01.10.2018 в 21:48