Мектепішілік пәндер олимпиадасы
Ағымдағы жылдың қазан айының 19-ы күні мектебімізде Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының мектепішілік кезеңі болып өтті.
10 пән бойынша жарысқа қатысқан оқушыларымыз былтырғы жылы мектеп атын асқақтатып аудандық, қалалық, республикалық кезеңнен күміс, қола, алтын медаль алып келген болатын. Биылғы жылғы оқушыларымыз да сол жетістіктерді қайталайды деген сеніммен, жоғары нәтиже көрсеткен 32 оқушымыз желтоқсан айының 6-7 жұлдызында өтетін аудандық кезеңгн жолдама алды. Жеңімпаз оқушыларымызға сәттілік тілейміз.

Комментариев нет
Просмотров: 381