Меню KDT

«Жалпыадамзаттық құндылықтар» күні



     2018 жылдың 26 қараша күні Қазақ мектеп-гимназиясында «Жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбында  жоспар құрылып,   іс-шаралар өткізілді. Мектебіміздің бірінші қабатында «Адам жақсы ісімен көрікті» тақырыбында суреттер көрмесі ілінді. Мақсаты: адамның бойында жақсы іс істеу барысында  дұрыс іс-әрекет  жасауға үйрету.
Мұғалімдер арасында «Жалпыадамзаттық құндылықтар өмір негізі» атты шеберлік сыныбы өткізілді. Мақсаты: мұғалімдер арасында жалпыадамзаттық құндылықтарды  бойына сіңіру.
6-шы және 9-шы сыныптар арасында «Әдептілік-адамгершілік бастауы», «Уақыт – мезгіл пернесі» атты эсселер сайысы өтті. Мақсаты: эссе жазу барысында  құндылықтарды қолдана отыра,  оқушының ой-өрісін дамыту.
1 А сыныбымен «Көңіл-күй шаттығы» тақырыбында шаттық шеңбері өткізілді. Сабақтың мақсаты: жалпыадамзаттық құндылықтарды ойын арқылы оқушылардың бойына сіңіру.   
Жүректен шыққан жылы сөздерді жеткізу мақсатында «Жүрек жылуы» стенд дайындалып, ұстаздар, оқушылар, ата-аналар өз алғыстарын, тілектерін жазды. Мақсаты: ұстаздар,  ата-аналар, оқушылар арасында тығыз қарым-қатынас орнату және әрдайым жылы сөздер айтуға дағдыландыру.
8-9 сынып ата-аналарымен «Жарқын көңіл-күй сыйлаймын» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг мақсаты: тренинг барысында ата-аналардың көңіл-күйлерін көтеру және ылғи да жақсы көңіл-күйде жүруіне ықпал ету.

«Адам жақсы ісімен көрікті» суреттер көрмесі

 

«Жалпыадамзаттық құндылықтар өмір негізі» атты шеберлік сыныбынан көрініс

 

«Әдептілік-адамгершілік бастауы», «Уақыт – мезгіл пернесі» эссе жазу



«Көңіл-күй шаттығы» шаттық шеңбері

 

«Жүрек жылуы» стенд

 

«Жарқын көңіл-күй сыйлаймын» тренингінен көрініс

 

 

 

 

 


Комментариев нет
Просмотров: 1062
Автор: b1429skobilim
Сайт: www.b1429.sko-bilim.kz
Добавлено: 26.11.2018 в 15:10